Карантин режимі жеңілдетілгелі қаламыздағы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келушілер дәстүрлі дайындығын бастады.
Ережеге сәйкес, кешендегі 7 залда спорттың 9 түрінен жаттығу жасауға рұқсат етілді. Санитарлық нормалар толық сақталған. Жоғары топтағы шәкірттердің саны 15-тен аспаса, жаңадан келгендер физикалық формасын тиісінше аулада шыңдайды.
Қазір спорт кешенінде шамамаен 400-дей шәкірт арнайы құрылған кесте бойынша жаттығып жатыр.