Жаңаөзен қаласында шектеулерге қарамастан үйлену тойын өткізген мейрамхананың иесіне 500 мың теңге айыппұл салынатын болды.
Мониторингтік топ мүшелерін ерте байқап қалған сарай иесі есіктерді құлыптап, ішке кіргізбей қойған. Ал бұл уақытта сырнайлатқан салтанат одан әрі жалғасып жатқан көрінеді.
Осы тоймен қатар, дәл сол күні қаланың екінші шетіндегі мейрамханадан да шат-шадыман адамдар көзге түскен. Жетпіске жуық қонақ жиналған жерде санитария талаптары мүлде сақталмай, саулыққа қатер төніпті.
Байрам ІЛИЯСОВ, учаскелік полиция инспекторы
Біз мейрамхана иелерінің шектеу шараларын елемеуінің барлық тиісті фактілерін жинадық. Енді құжаттар тиісті органдардың тексеруіне жіберіледі. Бұдан әрі тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес жазалануы мүмкін.