18 қыркүйекте бүкіл әлем Дүниежүзілік су мониторингі күнін атап өтеді. Атаулы дата осыған дейін қазан айында белгіленгенмен, мәртебесі халықаралық деңгейге ауысқан соң, тойланатын күні де өзгерді. Ол өзен-көлдері ерте қататын елдер үшін жасалған. Бұл күні адамдар әртүрлі қоймалардағы судың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау үшін сынама алады.
Ал атыраулықтарға салсақ, су мәселесі бұрынғыдан да өзекті тақырыпқа айналған. Бұны жергілікті тұрғындарға жасаған сауалнама нәтижесінен аңғаруға болады. Мұнайлы өлкедегі ауыз судың сапасы көпшіліктің күмәніне күмән қосатын көрінеді.
Коммуналдық қызметтегілер су сапасын зерттеуші сарапшылардың қорытындысын көлденең тартса да, қала тұрғындары орталықтандырылған ауызсудың ішуге жарамсыз екенін айтады. Қазіргі уақытта тұтынушылар үшін бөтелкедегі судан пайдалы өнім болмай тұр.