Еуропалық ғарыш агенттігі астероидтың ықтимал қауіп-қатеріне төтеп беру жобасын қолға алды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Оның құны – 130 миллион еуро. Агенттік «Гера» ғарыш аппаратын жасап шығаруды көздеп отыр. Бұл ретте еуропалықтар америкалық НАСА мамандарымен күш біріктірмек. Ортақ жоба 2 астероидтың қозғалыс траекториясын өзгертіп, олардың Жермен соқтығысуын болдырмауға бағытталған. Астероидтардың бірінің диаметрі – 160 метр. Өлшемі Гиза пирамидаларындай. Мұндай аспан денесі жермен соқтығысатын болса, бүкіл бір қаланы тып-типыл етуі мүмкін.
Еуропалық ғарыш агенттігінің басшысы Рольф Денсингтің сөзінше, бұған дейін адамзат астероидтар пен өзге де жерге жақын қозғалатын нысандарға төтеп беруге қауқарсыз еді, енді қазір қажетті технологиялар арқылы қауіптің алдын алу мүмкіндігі бар көрінеді.