Судан билігі елдің бүкіл аумағын табиғи апат аймағы деп жариялап, үш айға төтенше жағдай режимін енгізді.
Мұндағы су тасқыны кезінде 100-ге жуық тұрғын мерт болып, 50 шақтысы жарақат алған. Табиғат апатынан 100 мыңнан астам ғимарат қирады. Тілсіз жаудың кесірінен жарты миллионнан аса адам баспанасын тастап қашуға мәжбүр болған. Бұл туралы Суданның еңбек және әлеуметтік даму министрі Лена эль-Шейх мәлімдеді. Оның сөзінше, су тасқынының зардабы 1946 және 1988 жылдардағы рекордтық көрсеткіштерден де асып түскен.
https://www.youtube.com/watch?v=MS3DvTAs0Dk