22 тамыздан бері Германияның «Шарите» ауруханасында емделіп жатқан ресейлік оппозиционер Алексей Навальный комадан шығып, тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Дәрігерлердің айтуынша, Навальный әлі тілге келмегенімен, дыбысты ести бастаған.
Еске сала кетейік, 20 тамыз күні Томсктен Мәскеуге ұшып бара жатқан Алексей Навальныйдың жағдайы күрт нашарлап, Омбы ауруханасына жатқызылған болатын. Ресейлік дәрігерлер оның ағзасынан ешқандай улы зат тапқан жоқ. Олардың пайымынша, бұған тек қан құрамындағы қант мөлшерінің шамадан тыс өсуі себеп болған десті. Науқас екі күннен соң Германия ауруханасына ауыстырылды. Неміс дәрігерлері оның «Новичок» дәрілік препаратынан уланғаны туралы мәлімдеме жасады. Дегенмен оның зардабы қандай боларын әзірге тарқатып айтпай отыр.