Атырауда бір айда орташа есеппен 36 119 теңгемен күнелтуге болады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайты хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, 13 жасқа дейінгі балалар үшін 34 138 теңге керек болса, 14–17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардың қажеттілігіне тиісінше 44 332 және 33 959 теңге жеткілікті. Ал 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер бір айда 41 872 және 33 180 теңге жұмсайтын көрінеді. Сондай-ақ, статистикада зейнеткерлер мен қарт адамдарға 33 051 теңге керектігі жазылған.
13 жасқа толмаған балалардың азық-түлігіне 18 776 теңге қажет болса, басқа тауарлар мен ақылы қызметтерге 15 362 теңге шығын жұмсалады.
14–17 жастағылар: ұлдар үшін 24 383 (азық-түлік) теңге, 19 949 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет), қыздар үшін 18 677 (азық-түлік), 15 282 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет) теңге;
18 жастан жоғары еңбекке қабілетті адамдар: ерлер үшін 23 030 (азық-түлік), 18 842 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет), әйелдер үшін 18 249 (азық-түлік), 14 931 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет);
Зейнеткерлер мен қарт адамдар: 18 178 (азық-түлік), 14 873 (азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет) теңге;