ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықты балабақшамен 100 пайызға қамту қай кезеңде шешілетіні туралы айтты
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Мемлекет басшысының Жолдауында білім мен ғылым саласын дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Бұл тапсымаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты бастадық. Басты бағыттарына тоқталсақ, 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту жөніндегі міндет 2025 жылға қарай кезең-кезеңмен іске асырылады.
Министрдің айтуынша, бұл жұмыс жекеменшік балабақшалардың үлесін көбейту арқылы орындалады. Яғни, қазір мемлекеттік тапсырысты қай балабақшаның алатынын аудан, қала білім бөлімдері шешсе, ал бұдан кейін оны ата-аналардың өздері ваучерлік қаржыландыру принціпімен шешетін болады. Нақты бір баланың балабақшаға кезегі келгенде, ата-анасы ваучерді алып, оны өзі қалаған балабақшаға беруге мүмкіндік алады. Бұл бәсекелестікпен бірге сапаны да көтермек.