Екі айға жуық уақыт бос тұрған ішкі Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне Қанат Әзмұқанов тағайындалды.
Жаңа басшының құқықтану және қаржы мамандығы бойынша білімі бар. Қанат Әзмұханов еңбек жолын «Жүзе» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған. Кейін бірнеше мекемеде жетекшілік қызметтерді атқарды. 2013–2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, кейін 2018 жылға дейін қалалық Мәслихаттың хатшысы лауазымында болды. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры қызметін атқарған.