Жоспар жүйесіз болғандықтан ба, уәде уақытында орындалмады. Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстары тағы да ұзаратын болды. Атырау облысы әкімдігінің әлеуметтік желісінде осы туралы ақпар жарияланды.
Әкімдіктегілердің жазуынша, қарама-қарсы бағыттағы жолдарға үш жолақтан дайындалған. Енді инфрақұрылымға арналған жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді.
Амандосов–Берғалиев көшелерінің қиылысы 22-тамызда ашылады дегенмен, Баймұхановқа дейінгі жол 27-тамыздан бастап пайдалануға берілмекші.