Атыраудағы №5 мектепті жөндеу кезінде 25 миллион теңге жымқырылған. Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қадағалау органының мәліметінше, 2017 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен. Оған 279 миллион теңге бөлінген. Биыл наурызда ғимарат қаптамасы құлағаны белгілі болды. Сондай-ақ, ол күні желдің күшті болмағаны айтылды.
– Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ, жұмыстардың орындалмауы салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 миллион теңге залал келді, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.
Қалалық прокуратура материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберіп, ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.