Грэпплингтен Азия чемпионы атанған атыраулық спортшының өліміне қатысты күдікті ұсталды.
Қайғылы оқиға 9-тамызға қараған түні болған. Қала маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылының жігіттері арасындағы төбелес салдарынан 2002 жылы туған азаматтың жүрегіне оқ тиіп, сол жерде ажал құшқан еді.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:
– Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай 1994 жылғы күдіктіні анықтап, оны уақытша қамау орнына жеткізді. Осы іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 99-ыншы, яғни, адам өлтіру бабы бойынша жүргізілуде.