Ливандықтар Бейрут портында болған жарылыстан 150-ден аса адамның қайтыс болғанына үкіметті кінәлайды.
Ел ішінде үкіметке қарсы жаппай наразылық туындап, Ливанның ақпарат министрі Манал абдул—Самад пен қоршаған ортаны қорғау және әкімшілік даму министрі Дамианос Каттар отставкаға кетті.
Бұған дейін Ливанның премьер-министрі Хасан Диаб 10-тамызда үкіметке мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынатынын хабарлаған еді.
Былтыр осыған ұқсас жағдай Қазақстанның Арыс қаласында да болған еді. Бірақ Ливандағыдай қателікті мойнына алып, жылы орнынан бас тартқан шенеунікті байқамадық.