CaspianLife, 26 мамыр. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысын ұжымға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек таныстырды.
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) жаңа басшысы болып Есембеков Кенжегазы Мұқажанұлы тағайындалды.
МКД мәліметінше, Кенжегазы Есембеков мемлекеттік кірістер органдарындағы еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істеп, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінде басшылық қызметтер атқарған.
2021 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2022 жылғы 18 мамырдан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында болған.