Атырауда жас балаға тиіспекші болған күдікті ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін кешкі сағат 7:45 шамасында Көктем ықшамауданындағы 4-көшеде, Нұр-Ай азық-түлік дүкені маңында ер адам мас күйінде кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға оқталған.
Хабар жеткен бойда оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамауға алынды.
Куәгерлердің айтуынша, арам ойын жүзеге асыруға тырысқан адам жалғыз болмаған. Бірақ қасындағы серігі полиция жасағы жеткенше жасырынып үлгерген-міс. Тіпті, олардың шетел азаматы деген сыбыс бар.
Қазір осы жағдай бойынша бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.