Caspianlife, 29 сәуір. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) компаниясы Мәскеуде өткен Directum Enterprise Forum 2025 халықаралық форумында «Қазақстандағы үздік жоба» және «Қауымдастық таңдауы» номинациялары бойынша беделді марапаттарға ие болды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ІТ-сарапшылар мен сала мамандары KPI компаниясының өнім сату және жеткізу процестерін толық цифрландыру жобасын жоғары бағалаған.
KPI компаниясында кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі (ERP) ретінде әлемге танымал SAP компаниясының шешімі қолданылады. Осы жүйемен Directum RX электрондық құжат айналымы платформасы интеграцияланды. Бұл жеткізу шарттарымен жұмыстың бүкіл циклін кешенді түрде автоматтандыруға және электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік берді.
Нәтижелер:
-
Шарт дайындау уақыты 50 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды (80%)
-
Жалпы уақыт шығыны 30%-ға азайды
-
Жылдық бюджет үнемі 40%-ға жетті
-
Қолмен енгізілетін қателер жойылды, процестердің ашықтығы мен басқарылуы артты, серіктестермен құжат алмасу жеделдетілді
— Бұл жетістік – командалық жұмыстың нәтижесі және компаниямыздың цифрлық трансформацияға бағытталған стратегиялық мақсаттарының көрінісі. Инновациялық IT-шешімдерді енгізу арқылы біз операциялық тиімділікті айтарлықтай арттырып, шығындарды азайтып, нарықтағы бәсекелестік позицияларымызды күшейттік, — деді KPI компаниясының IT-қызметінің басшысы Тимур Қарымсақов.