CaspianLife, 10 сәуір. Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының жедел мәліметтері бойынша жер сілкінісі 9-10 сәуірге қараған түні болған.
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының (ҰДО) хабарлауынша, Астана уақытымен 01:40-та (Гринвич уақыты бойынша 9 сәуірде 20:40-та) Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік бойынша 45.95 градус, шығыс бойлық бойынша 54.28 градус. Магнитудасы mb=4.3. Энергетикалық класы K=9.1.