Caspianlife, 13 наурыз. Ұлттық компания Kazakh Tourism 2024 жылғы «eQonaq» жүйесінің деректерін талдап, Қазақстанның батыс өңірлерінде қонақүйлерді жиі таңдаған елдерді анықтады.
Kazakh Tourism мәліметінше, 2024 жылы Атырау облысына ең көп Өзбекстан азаматтары келген. Екінші орында – Ресей Федерациясы. Үшінші орынға Ұлыбритания азаматтары жайғасты. Сондай-ақ, Атырау облысындағы орналастыру орындарында АҚШ, Үндістан және Қытайдан келген қонақтар жиі тоқтаған.
Батыс Қазақстан облысына көбінесе Ресей, Өзбекстан және Италия азаматтары келген. Сонымен қатар, Орал қаласына Тәжікстан, Әзербайжан және Ұлыбританиядан да қонақтар жиі келген.
Өткен жылы Ақтөбе облысындағы қонақүйлерді ең көп таңдаған елдер – Өзбекстан, Ресей, Қытай, Үндістан және Тәжікстан. Сонымен бірге, Түркия азаматтары да бұл өңірге жиі келген.
Маңғыстау облысына жиі келген елдер қатарына Өзбекстан, Ресей, Қытай, Әзербайжан және Иран енді.
(Ұлттық компания Kazakh Tourism мәліметі бойынша)
Дереккөз: www.caspianlife.kz
Сурет: Рахим Қойлыбаев