CaspianLife, 12 наурыз. Осы жылдың басында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚТЖ және құқық қорғау органдары бастамашылық еткен түзетулер темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне және темір жол өткелдерінде жүру ережелеріне байланысты бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтеді.
559-бапқа сәйкес, келесі заңбұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері артты:
— Ат арбаларының (шаналардың) жүру және темір жолдар арқылы жануарларды айдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю — 5 АЕК айыппұл немесе 19 660 теңгені құрайды (2025 жылға АЕК 3 932 теңге ). Осы бап бойынша ескерту сияқты әкімшілік жаза алынып тасталды. Сондай-ақ, бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік енгізіледі. Айыппұл 10 АЕК (39 320 теңге) құрайды.
— Белгіленбеген орындарда темір жолдары арқылы өту – айыппұл 3 АЕК (11 796 теңге) құрайды, сондай-ақ жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда айыппұл алғаш рет енгізіледі — 5 АЕК (19 660 теңге). Мұнда ескерту ретінде әкімшілік жаза алынып тасталды.
Теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары (ЖКО) өткір проблема болып қалуда, бұл көбінесе пойыздарда шұғыл тежеуді қолдануға әкеледі. ЖКО-ның негізгі себептері-автокөлік құралдар жүргізушілері тарапынан өрескел бұзушылықтар, оның ішінде ескерту белгілері мен сигналдарын елемеуі.
607-бапқа сәйкес, өткелден тыс жолдарды кесіп өтуді, жабық шлагбаум немесе тыйым салу сигналы кезінде өткелге шығуды, өткелде тоқтауды қоса алғанда, темір жол өткелдерінің жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл екі есеге 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін ұлғайтылды. Бапта алғаш рет бұзушылық көлік құралдарына немесе мүлікке зақым келтірген жағдайда, тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы енгізіледі.
Сурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі