CaspianLife, 10 наурыз. Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тамаша дәстүріміз – Көрісу күніне арналған театрландырылған қойылымға шақырады.
Мәдениет, тілдерді дамыту басқармасының хабарлауынша, театрландырылған қойылым 14 наурыз (жұма) күні Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңда өтеді. Басталу уақыты: 11:00.
«Сіздерді бұл ерекше күннің рухына толы әндер мен өлеңдер, билер мен әсем әуендер күтеді! Мерекенің сәнін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары – Заттыбек Көпбосынұлы мен “Меломен” тобы ашады. Іс-шараның жүргізушісі танымал актер Әділ Ахмет болады. Көрісу күнін – бірлік, береке және молшылық мерекесін бірге атап өтейік!», – делінген мерекелік шараның хабарламасында.