CaspianLife, 28 ақпан. Атырау облысындағы Қашаған мұнай-газ кен орнында газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы жалғасуда.
«QazaqGaz» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жобаның негізгі бағыттарының бірі – құрылыс алаңына шикізат, жабдықтар мен басқа да материалдарды жеткізуді қамтамасыз ететін кірме жолдарды салу.
«Бүгінгі таңда 13 140 метр кірме жолдың құрылысы сәтті аяқталды, бұл нысанның көлікпен қолжетімділігі мен логистикасын айтарлықтай жақсартады. Айта кету керек, құрылысқа қажетті құм, цемент және қиыршық тас сияқты барлық материалдар көршілес облыстардан жеткізіледі. Бұл шығындарды азайтып қана қоймай, жергілікті қамту үлесін арттыруға да ықпал етеді», – делінген хабарламада.