Болатбек Әбу 1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, халықаралық деңгейде тәжірибесі бар білікті маман. Ол Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аударма ісі мамандығы бойынша бакалаврын, араб филологиясы магистратурасын, шетел филологиясы бойынша докрантурасын тәмәмдаған. Сондай-ақ 2013 жылы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін, республикалық имамдар білімін жетілдіру университетін бітірген. 2017 жылы Нұр-Мүбарак университеті жанындағы қайта даярлау институтының экстремизмнің алдын алу курсынан өткен.
Еңбек жолы:
1999-2002 жылдар аралығында — Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам;
2005 — 2008 жылдар аралығында — Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары;
2008 — 2010 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы;
2009 — 2012 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы;
2010 — 2014 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі;
2014 — 2018 жылдар аралығында — Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы;
2018 — 2023 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы;
2023 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметінде болды.