CaspianLife, 12 ақпан. 2025 жылы Қазақстанда резервтік әскери қызмет енгізілмек. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қабылданып, жақын арада Сенаттың қарауына ұсынылады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, келісімшарт үш жыл мерзімге ерікті түрде жасалады. Әскери қызмет тұрғылықты жерде өтеді. Резервистерге еңбекақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналары және басқа да төлемдер мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі. Бастапқы кезеңде шамамен 2 мың Қазақстан азаматы шақырылады деп жоспарланған.