CaspainLife, 16 қаңтар. Полицияның мәліметінше, ескерту алған жүргізуші өлімге әкелген жол-көлік оқиғасына себеп болған.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан, бір сағаттан кейін жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты.
«15 қаңтарда сағат 14:00-де полицейлер көктайғақ салдарынан сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы жүргізушілерге ескерту жасады. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолының 53-ші шақырымында қоғамдық көлік (автобус – CaspianLife ескертпесі) пен Chevrolet Cobalt маркалы жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан 48 жастағы Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», – делінген хабарламада.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргізушілермен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көктайғақ пен қолайсыз ауа райының қаупі туралы ескертеді.