Атырау облысында – су жаңа санитарлық дәрігер. Бұл орынға осыған дейін қалалық санитарлық дәрігер қызметінде болған Қанат Ғайнеденов тағайындалды.
Неге екені белгісіз, бұл жолы бас санитар жұртшылыққа таныстырылмады. Оны көпшілігі жаңа қаулы арқылы ғана біліп жатты…
Қанат Ғайнеденов еңбек жолын 1999 жылы Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-энтомологтың көмекшісі қызметінен бастаған. Сол жылдардан осы уақытқа дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау департаменті мен басқармаларында қарапайым маманнан бастап басшылық қызметке дейін көтерілген. 42 жастағы Қанат Бақбергенұлы пандемия басталғалы тағайындалған бесінші дәрігер екенін айта кетейік.