CaspianLife, 13 қаңтар. Жайық-Каспий облысаралық бассейін инспекциясының балық шаруашылығы қызметкерлері 10 қаңтарда Жайық өзенінің теңізге шығатын жерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ «Урал» маркалы браконьерлік мотоциклді байқады.
Инспекция өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, қашып бара жатқан құқықбұзушылар қамысқа кіріп, мотоциклді тастап, белгісіз бағытта қашып кеткен.
«Мотоциклдің арбасынан 17 кг салмақтағы балық түрлері (сазан, жерех) табылды, ол ТОО «Тлекши» жауапты сақтауға тапсырылды», — деді балық инспекциясы өкілі.
Осы факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 383-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Мотоцикл айыппұл тұрағына қойылды. Құқық қорғау органдарына мотоциклдің иесін және басқа құқықбұзушыларды анықтау мақсатында хабарлама жіберілді.