CaspianLife, 10 қаңтар. Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) аумағында мұнай өнімдерінің төгілуі туралы бейнежазба таралуда. Алайда, оқиғаның қашан және қандай жағдайларда орын алғаны нақтыланбаған.
АМӨЗ баспасөз қызметі бұл видеоға түсініктеме берді. Таратылған баспасөз хабарламасында былай делінген: «…33-резервуар паркіндегі тауарлық автобензин компоненттерін айдау желісінде ақау анықталды. Жауапты қызметтер резервуардан құбырды ажырату шараларын қабылдады».
Сонымен қатар, 10 қаңтар күнгі (CaspianLife ескертуі) түстен кейінгі уақытта зауыттың жауапты қызметкерлері оқиға салдарын жоюға жұмылдырылғаны хабарланды. Орын алған жағдай мұнай өнімдерін тиеу көлеміне әсер етпейді, зауыт қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп атап өтілді.