CaspianLife, 10 қаңтар. Бұхара, Үргеніш және Ферғана қалаларынан Түркістан, Ақтау және Алматыға автобустар қатынайтын болады, деп хабарлады Өзбекстанның Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан аумағы арқылы өтетін тағы бес бағыт жоспарлануда. Бұл бағыттардың соңғы нүктелері Ресей қалалары болып табылады:
- Сурхандария — Бұхара — Үргеніш — Нүкіс — Мәскеу;
- Үргеніш — Нүкіс — Уфа;
- Нүкіс — Краснодар;
- Ташкент — Уфа;
- Ташкент — Краснодар.
Сонымен қатар, Өзбекстан көрші Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне де халықаралық автобус рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр.
(Сурет: Өзбекстанның Көлік министрлігі сайтынан)