CaspianLife, 8 қаңтар. Өткен жылдың күзінде Атырау облысы Индер ауданында Елтай ауылының тұрғыны өз көлігімен балық аулауға шығып, жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.
«Дендер» аудандық газетінің хабарлауынша, 7 қаңтар күні жергілікті малшы өзеннен көліктің төбесін байқап қалған. Бұл туралы ол дереу құтқару қызметтеріне хабарлаған. Кейін кранның көмегімен «Lada» маркалы автокөлік судан шығарылып, ішінен жоғалған ер адамның денесі табылды. Басқа мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.