Ішкі істер министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанарбек Бактыбаевтың бұйрығымен Қарақия ауданы Полиция бөлімінің бастығы болып Данияр Азимов тағайындалды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болатбек Ақшауов таныстырды.
Данияр Азимов 1985 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Басшылық лауазымдарда атқарған үлкен тәжірибесі бар. Әр түрлі жылдарда жергілікті полиция қызметінде бастық орынбасары, Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, Бейнеу ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. 2020 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын тәмамдаған.