CaspianLife, 27 желтоқсан. Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Embraer ұшағын өндіруші зауыттың тағайындалған өкілдері келді.
ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатты тергеу жөніндегі комиссия авиациялық оқиға орнында алдағы жұмыстарды жоспарлады. Сондай-ақ, жақын күндері Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдерінің келуі күтілуде.
Сурет: Азамат Сарсенбаев (Ақтау)