Атыраулықтар жабайы жағажайдан әлі де алыстамай жүр. Жыл басынан бері тілсіз жау 15 адамды жалмаған. Салынған тыйымдарға қарамастан суға түскендерге жедел құтқару жасағы мен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын өткізіп, ескерту жасады.
Нұржан ЖАҚАТАЕВ, Атырау қалалық ТЖБ бастығының уақытша міндетін атқарушы:
Рейдтік шара барысында төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірге қызмет атқарады. Талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазіргі жүргізілген рейдтік шаралар әлі де жалғасын табады.
Талапты бұзған 30 шақты азаматқа ескерту жасалды. Жағажайда жүргендердің басым бөлігі жасөспірімдер мен бала-шағалы отбасылар. Әдетте тәртіп сақшылары келгенде өкпесін қолына алып қаша жөнелетіндер көздіаала бере қайта келетін көрінеді.