CaspianLife, 25 желтоқсан. Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды.
Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған, — деп хабарлады Көлік министрлігі.
Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады.Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені белгілі болды.
Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан «Эмбрайр190» AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.
Baza телеграм-арнасы ұшақта болған адамдардың тізімін жариялады.