Темір тұлпарды мас күйінде тізгіндейтіндер азаймай тұр. Жыл басынан бері қала бойынша ішімдікке тойып ап рөлге отырған 300-ден астам жүргізуші ұсталған.
Жеңіс БОЗАЕВ, Атырау қалалық ПБ рота командирі:
– Атырау–Доссор тасжолы Теңдік елдімекенінің тұсында орналасқан бағдаршамда М есімді азаматтың жеке автокөлігі тоқтатылды. Тоқтату барысында азаматтың спиртті ішімдік ішкені анықталып, қазіргі уақытта жүргізушіні Атырау облысының сараптама орталығына жеткізіледі. Сараптама бөлімінен кейін автокөлікті ақылы тұраққа қоямыз. М есімді азаматқа ҚР 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы жылдың 11-қаңтарынан бастап көлікті мас күйінде басқарғандарға қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылған болатын. Сот шешімімен көлік иесі жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып, 15 тәулікке қамауға алынады.
Ерлан БИҒАМБАЕВ, Атырау қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары:
– ПБ қызметкерлерімен 1-26 аралығы «құқықбұзушы – мас жүргізуші» атты қала ішінде іс-шара өткізілген болатын. Бұл кезде 62 құқықбұзушы ішкен күйінде автокөлік жүргізіп отыр. Оның ішінде 6 әйел адам және 1 жасөспірім ұсталып отыр.
Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, орташа есеппен тәулігіне көлікті мас күйінде басқарған бес жүргізуші ұсталады.