CaspianLife, 5 желтоқсан. Бүгін жол қозғалысы саласындағы өзгерістерге қатысты заң күшіне енді, ол жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (Polisia.kz) сайты хабарлағандай, жаңа өзгерістер халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда жүретін барлық жүргізушілерге қатысты болады.
— Бұл өзгерістердің негізгі мәні — түзу жол учаскелерінде «орташа жылдамдықты» асыру үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады, оны автоматты тіркеу жүйелері тіркейтін болады. «Орташа жылдамдық» жүрілген жолды уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл мөлшері «орташа жылдамдықты» асыру деңгейіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Яғни, әр түрлі жол учаскелерінде «орташа жылдамдық» әр түрлі болып, әрбір көлік құралы үшін формула арқылы автоматты түрде жеке есептеледі. Бұл жаңалық жолдағы жылдамдықты асырудың салдарынан әр үшінші адамның қала сыртындағы трассаларда қаза болатыны туралы талдауға негізделе отырып енгізілді. Осы өзгерістерге байланысты Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығын ережелерді сақтауға және басқа қатысушыларға құрметпен қарауға шақырады, өйткені жолдағы қауіпсіздікті арттыру — әр адамның қатысуы маңызды болатын міндет, — деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.