CaspianLife, 4 желтоқсан. Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 миллион теңгеден астам ақша ұрлығын анықтады.
Прокуратураның сайтына сәйкес, «… осы фактіні тергеу барысында облыстың антикоррупциялық қызметі мен ҰҚГД қызметкерлері клубтың бұрынғы басшысын екі танысымен бірге физикалық күш көрсету арқылы клуб қызметкерін өз айғақтарын өзгертуге мәжбүрлеп, одан 15 миллион теңге бопсалағанын анықтаған». Сонымен қатар, 3 желтоқсан күні футбол клубының экс-басшысы мен азаматтар К. мен О. ұсталып, қамауға алынғаны хабарланды. Қалған мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.