CaspianLife, 21 қараша. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қызметті алу жолдарын атады.
«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға да абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде санаториялық-курорттық емдеу қызметі ұсынылады. Бұл қызмет мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күнтізбелік жылда бір рет 14 тәуліктен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаториялық-куророттық ұйымда болу құнын санаториялық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар. Санаториялық-курорттық емдеуді ұсынуға өтінішті қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде беруге болады», – деп мәлімдеді ведомство.