CaspianLife, 20 қараша. 20 қараша күні сағат 05:30 шамасында Актөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 480 шақырым тұсында маркасы Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдан шығып, аударылған. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.
Оқиға салдарынан автокөліктің 46 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарын алып, оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.