CaspianLife, 14 қараша. Динадағы қанды оқиғаға қатысты соттың үшінші отырысы өтті.
Осы жолы 6 куәгерден жауап алынды. Оқиға орнында болған жандардың сөзінше, сотталушы жәбірленушіні соққыға жыққаннан кейін оны жедел-жәрдемнің алып кеткенін қаламаған. Қайта машинаға келген шығын көлемі анықталғанша сол жерде болуын талап еткен.
Еске сала кетейік, күдіктіге Қылмыстық Кодекстің «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасады» деген айып тағылған.