CaspianLife, 21 қазан. Атырау қаласының Авангард-2 шағын ауданында тұратын Яна Легкодимова, 31.07.2001 жылы туған, 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, әлі оралмады.Бұл туралы бүгін Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада жоғалған қыздың шамамен бойы 1,60 см екені айтылған. Қазіргі уақытта жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілуде. Полиция азаматтарға, егерде жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпараттары болса, дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
(Сурет полиция департаментінің баспасөз қызметімен ұсынылды)