CaspianLife, 15 қазан. Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады. Күзгі каникул 2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, күзгі каникул және оқушылардың демалысы кезеңінде тиімді өткізу мен тұлғалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынады.