CaspianLife, 10 қазан. Бұл «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамы өзінің еншілес ұйымы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ға қатысты жүргізген ішкі қызметтік тергеу нәтижесінде анықталды.
ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде шаралар қабылдау туралы құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жолданды. Тергеу шаралары жүргізілуде.
«ҚТЖ алдын ала тергеудің бастамашысы ретінде тергеуге толық қолдау көрсетіп отыр. Компанияда мұндай фактілердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде және кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік саясаты жүзеге асырылуда», — делінген хабарламада.