CaspianLife, 8 қазан. Орташа жөндеу жұмыстарынан өткен Марат Темірханов көшесі пайдалануға берілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялр қызметі.
Жөндеу жұмысы 2 айға созылған. Нәтижесінде 680 метр жолдың бойына суағар, жаяу жүргіншілер жолы және қосымша автотұрақтар салынып, кеңейтілді.
— Жұмыс барысында көшенің енін мүмкіндігінше кеңейтуге тырыстық. Жаңбыр суы құйылатын суағар мен жаяу жүргіншілер жолын салдық. Сонымен қатар, көше бойындағы автотұрақтардың саны артты,- деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.