CaspianLife, 30 қыркүйек. Мемлекет басшысының кортежінің маршрутын тексеру барысында Түркістан облысында ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орын тапты.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті тұлғаларды ұстау бойынша қажетті операциялық-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеудің мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.