CaspianLife, 16 қыркүйек. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Серік Бурамаев жұмыс сапарымен Орал қаласына барып, әскери техникаларды жабдықтау және соғыс кемелерінің паркін жаңарту мәселелері бойынша бірнеше кездесу өткізді.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында тараптар кемелерді сатып алу, қызмет көрсету және модернизациялау саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
«Зенит» зауытында әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы көп функционалды көмекші кеменің құрылысымен танысты. Бұл кеме су ығыстыруы 750 мың тоннаны құрайды. Қазақстандық кәсіпорын үшін осындай сипаттамалары бар бірінші кеме құрылысын салу – ауқымды жоба болып табылады. Әскери-теңіз күштерімен ынтымақтастық кезеңінде «Зенит» зауыты төрт зымыран-артиллериялық кеме (әрқайсысы 250 мың тонна су ығыстыруымен) және арнайы катер (12 мың тонна су ығыстыруымен) салған.
«Ғылыми-зерттеу институты «Гидроприбор» акционерлік қоғамы» басшылығымен өткен кездесуде кәсіпорынның мүмкіндіктері, робототехникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету мәселелері, қосалқы бөлшектерді жеткізу және басқа да сұрақтар қарастырылды. Кәсіпорында сондай-ақ гидрографиялық жұмыстар жүргізуге арналған «Сағым» жылдамдық катерінің тексерісі өтті. Бұл кеме әскери-теңіз күштеріне тегін берілетін болады.
Сонымен қатар, генерал-майор Серік Бурамаевтың Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Бақытжан Нарықбековпен кездесуі өтті. Кездесу барысында облыс пен әскери-теңіз күштері арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Орал қаласының атындағы зымыран-артиллериялық кемеге шефтік меморандумды қайта жаңарту мәселесі қаралды.
«Сурет ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды»