CaspianLife, 12 қыркүйек. Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Қадралиев Айбек тағайындалды.
Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Айбек Қадралиев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2005 жылы Каспий қоғамдық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған, ал 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек қызметін 1998 жылы Құрманғазы аудандық құтқару станциясында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бастап:
— 2006-2007 жылдары Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қызмет атқарған,
— 2007-2009 жылдары Атырау облысы әділет департаментінде жұмыс істеген,
— 2009-2012 жылдары Атырау облысы Құрманғазы аудандық әділет басқармасының басшысы болған,
— 2012-2013 жылдары Атырау облысының аумақтық жер инспекциясында жұмыс жасаған,
— 2013-2020 жылдары Атырау қаласының әділет басқармасының басшысы болып қызмет еткен,
— 2020-2021 жылдары Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған,
— 2021-2022 жылдары Атырау облысында жеке сот орындаушысы қызметін атқарған,
— 2022 жылдан бастап Атырау облысы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде жұмыс істеген,
— 2022-2024 жылдары Атырау облысы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлікпен жұмыс істеу бөлімі басшысы қызметін атқарған.
«Бұрын Атырау қаласы әкім аппаратының басшысы болған Самат Жұмабаевич Емберген Атырау облысы Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды», — деп нақтылады қала әкімдігі баспасөз қызметі.