CaspianLife, 11 қыркүйек. Маңғыстау облысының Қарақия ауданы прокуроры мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуын талдау барысында 39 млн теңге сомасындағы конкурсты жойды.
Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарлауынша, аудандық білім бөлімінің веб-порталында ақпараттық жүйені сүйемелдеу және техникалық қолдау көрсету қызметтеріне конкурс жарияланған. Прокурорлар потенциалды жеткізушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады. Нәтижесінде конкурс жойылды және білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: www.caspianLife.kz