Білім грантына өтініш тапсыру уақыты 30-шілдеге дейін ұзартылды. Құжаттарды қабылдау egov порталы мен ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, биылғы абитуриенттерге 086 медициналық анықтама талап етілмейді.
– Құжат тапсыру мерзімі 13-шілде мен 20-шілде арасында болатын. Бірақ қазір оны 30-шідеге дейін созды. Себебі, egov порталында кейбір талапкерлердің тарапынан электронды қолтаңба алуда кедергілер болуына байланысты қазір виртуалды ЖОО-на қабылдау жүйесі арнайы зум бағдарламасы арқылы онлайн түрде, яғни, кез келген талапкерді қабылдап, оларға қажетті кеңес беріліп, құжаттар қабылдау жүріп жатыр, – деді Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ ректоры Саламат Идрисов.
Грант қорытындысы 15-тамызда белгілі болады. Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша жаңа оқу жылының алғашқы бөлігінде студенттер қашықтан оқитын болады.