CaspianLife, 27 тамыз. Мәскеудің Басман аудандық соты Петр Врублевскийге қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай үкім шығарды.
Бұл туралы Ресей Федерациясының Бас прокуратурасының ресми сайтында хабарланды. Жарияланған мәлімдемеде сот Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілімен келісіп, оны Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282-бабының 2-бөлігінің «а» тармағында көзделген қылмыс (жеккөрушілік немесе өшпенділік қоздыру, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлау) жасағаны үшін кінәлі деп таныды делінген.
«Сот Врублевскийдің Қазақстан Республикасындағы Украина төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарып жүргенде, сұхбат барысында Ресей азаматтарына қатысты жеккөрушілік пен дұшпандық көзқарас қалыптастыратын, зорлық-зомбылыққа шақыратын мәлімдеме жасағанын анықтады. Сұхбаттың бейнежазбасы интернет желісінде еркін қолжетімді болды. Қылмыстық іс сырттай қаралды, өйткені Врублевский халықаралық іздеуде жүр. Сот оны жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», — делінген жарияланған хабарламада.