CaspianLife, 27 тамыз. Кеше Атырау қаласына жақын орналасқан Береке ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайларда (алдын ала мәлімет бойынша, шомылу кезінде) 16 жастағы үш жасөспірім суға батып кеткен.
26 тамызда, шамамен сағат 18:25-те ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері екі жасөспірімнің денесін судан алып шықты.
Үшінші баланың денесін табу мүмкін болмады, және қараңғы түсуіне байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін таңертең сағат 06:30-да іздеу жұмыстары қайта жалғастырылды.
Шамамен сағат 09:15-те үшінші жасөспірімнің денесі өзеннен табылды. Таңертеңгі іздеу жұмыстарына бес қайықта он ТЖД құтқарушысы қатысты.